Мамырдың 29 күні "Өркен" өнер мектебінің "Әлемді әуен жарығымен толтырамыз" атты көлемді есептік концерті өтті. Педагогтар мен оқушылардың бір жылдық еңбектері көрсетілді. Көрермендерге қазақ музыкалық оркестрі, гитара ансамблі, домбыра ансамблі, хореографиялық топ және вокалдық топ өнерлері, фортепиано, синтезаторда, қасықпен ойнау шеберлігі көрсетілді. Музыканың сүйемелдеуімен мектептің, видео-көрмеде сурет өнері бөлімі оқушылары мен қол - өнер үйірмелерінің тәрбиеленушілерінің жұмыстары көрсетілді.
Әр музыкалық қойылым көрермендердің көңілінен шығып, ду қол шапалақпен алғыс білдірді. Мерекелік концерттік бағдарлама аяқталған соң көрермендердің, Сергеевка қаласының тұрғындарының жылы лебіздерін мен тілектері, концертік бағдарламаға қатысқандарға төгіліп жатты.