Халық аспаптарында орындау шеберлігін дамыту мақсатында "Өркен" өнер мектебінің оқушылары "Жұлдыз" 2025 жас музыканттар байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. "Домбыра" номинациясында домбыра сыныбының 1 сынып оқушысы. Бекежан Мирас І орын, домбыраның 3 сынып оқушысы Сұраған Алмат ІІІ орынға ие болды, педагогы Сахатов Марат Сәлімұлы.
"Гитара" номинациясында гитараның 6 сынып оқушысы Ененко Артем І орынға ие болды, педагогы Комогаев Андрей Александрович.




