|
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының білім бөлімі» КММ «Өркен» өнер мектебі» КММ
КГУ «Школа искусств «Өркен» КГУ «Отдел образования района Шал акына» КГУ «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области»
|
|
|---|
Жаңалықтар
|
9
Шілде
2025
|
Өнер мектебінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Естен кетпейтін ақ тырналар" атты шығармашылық сабақ өтті. Оқушылар бейбітшілік пен үміт бейнеленген қағаз тырналарын жасауға бар ынталарын салды. Сабақ барысында оқушылар тырналардың мәдениеттегі маңызы мен соғыс батырларын еске алудың маңыздылығы туралы білді. Сабақ тек шығармашылық қана емес , сонымен қатар тәрбиелік сипатқа ие болды, балаларды бейбітшілік пен адамгершілік туралы ойлауға шабыттандырды.
21 сәуірі күні "Өркен" өнер мектебінде оқушылардың музыка жайлы білімдерін бекітіп, жалпылау мақсатымен "Әуендер еліне саяхат" атты ойын - сауықтыру іс- шарасы өтті. Балалар қызығушылықпен түрлі тапсырмаларды орындады: кроссвордтар шешіп түрлі ойындарға қатысты. Іс шара өте көңілді,серпінді өтіп барлық қатысушыларға өте ұнады.
|
9
Шілде
2025
|
Бүгін "Өркен" өнер мектебінде оқушылардың табиғат туралы білімдерін бекіту мен жалпылау мақсатында "Айналамыздағы сұлулық" атты сыныптан тыс іс-шара өтті.
Балалар қызығушылықпен түрлі жұмбақтарды шешті. Іс-шара өте қызықты, серпінді өтіп барлық қатысушыларының көңілінен шықты.
Сәуірдің 13 күні Петропавл қаласындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы "Grand dance festival" атауымен облыстық замануи және эстрадалық хореография байқауы өтіп, оған облыстың 40- тан астам ұжымы қатысты. "Жемчужина" хореографиялық ұжымы қатысып І орынға ие болды. Қыздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
|
9
Шілде
2025
|
Сәуірдің 12 күні Петропавл қаласындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында екі номинация : халықтық би, халықтық стильдендірілген би бойынша "Каблучок" облыстық хореографиялық байқауы өтті. "Өркен" өнер мектебінің тәрбиеленушілері "Жемчужина" ұжымы (педагогы Кособокова А.Ю). қатысты. Қыздарымыз көрермендер мен қазылар алқасының жүрегін жаулап алып ІІ дәрежелі Лауреат атанды!



