|
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының білім бөлімі» КММ «Өркен» өнер мектебі» КММ
КГУ «Школа искусств «Өркен» КГУ «Отдел образования района Шал акына» КГУ «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области»
|
|
|---|
Жаңалықтар
|
9
Шілде
2025
|
Сәуірдің 16-сы күні "Өркен" өнер мектебінде оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттырған "Ең ақылды" атты қызықты викторина өтті. Қатысушылар өздерінің білмідері мен тапқырлықтарын көрсетіп, түрлі сұрақтарға қызығушылық танытып жауап берді. Іс-шара зейінді, логикалық ойлауды дамытуға тамаша мүмкіндік беріп оқушылардың арасында достық қарым-қатынасы нығайтуға әсер ететін жарқын оқиға болып есте қалды.
|
9
Шілде
2025
|
Сәуірдің 1 күні Петропавл қаласында жасөспірімдер және балалар өнері орталығында Халықаралық құстар күніңе арналған облыстық"Құстар әлемі" экофестивалі өтті. Мектебіміздің оқушылары бірнеше номинацияларға қатысып дипломдармен марапатталды.
"Бейнелеу өнері" номинациясының "Солтүстік Қазақстанда қыстайтын құстар" тақырыбында
-Серік Мөлдір - І орын
-Әскер Жібек - ІІ орын
-Ргибаева Жасмин - ІІІ орынға ие болды, педагогы Банникова Наталья Евгеньевна.
"Қолданбалы қол-өнер" номинациясында "Планетаның қауырсынды тұрғындары" тақырыбында
-Сейльханова Дарина - ІІ орын, педагогы Вержак Наталья Викторовна
"Құс үйі" номинациясында
-Банников Даниил-ІІІ орын, педагогы Егорова Елена Арновна.
Балаларды құттықтай отыра келешекте табыс тілейміз!
|
9
Шілде
2025
|
Халық аспаптарында орындау шеберлігін дамыту мақсатында "Өркен" өнер мектебінің оқушылары "Жұлдыз" 2025 жас музыканттар байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. "Домбыра" номинациясында домбыра сыныбының 1 сынып оқушысы. Бекежан Мирас І орын, домбыраның 3 сынып оқушысы Сұраған Алмат ІІІ орынға ие болды, педагогы Сахатов Марат Сәлімұлы.
"Гитара" номинациясында гитараның 6 сынып оқушысы Ененко Артем І орынға ие болды, педагогы Комогаев Андрей Александрович.
|
1
Шілде
2025
|
Наурыздың 20-сы күні "Өркен" өнер мектебінде"Ермексаз әлемі" жұмысының көрмесі өтті. Бұл көрмеге ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектептің оқушылары қатысты.



