|
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының білім бөлімі» КММ «Өркен» өнер мектебі» КММ
КГУ «Школа искусств «Өркен» КГУ «Отдел образования района Шал акына» КГУ «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области»
|
|
|---|
Жаңалықтар
|
5
Маусым
2024
|
5 маусым күні"Өркен" өнер мектебінде, жазғы мектеп жұмыс бағдарламасы аясында "Жаз бояулары" атты іс шара өтті. Балалар түрлі ойындар ойнап, жұмбақтар шешіп, эстафеталық жарыстарға қатысып, би биледі.
Әр бала өзін суретші ретінде сезініп мольбертте бояулармен сурет салып, импровизациялық станциясында бормен, қарындаштармен суреттер салды.
Іс - шара аяқталды, бірақ жаз басталып әр демалыс күнді ашық түстермен, тамаша оқиғалармен және ұмытылмас әсерлермен толтырады.
|
1
Маусым
2024
|
Оқушылар ең соңғы рет мектептің ауласында салтанатты сапқа тізілді. Иықтарына атлас лента таққан түлектер ұстаздарымен қоштасуға келіп, олардың еңбектеріне, назарларына, қамқорлығына алғыс білдірді. Мектеп сағаты тоқтады. Мектеп табалдырығын 12 түлек аттап шығып, өмірдің әр тарапына бағытталды. Қай жолды таңдаса да, тағдыр қай жолға салса да балалар өз мектебін ұмытпауға уәде берді.
|
24
Мамыр
2024
|
Мамырдың 24 күні "Өркен" өнер мектебінде "Жүректерді әнмен толтырайық" атты есептік концерт өтіп, оған барлық музыкалық бөлімдердің оқушылары қатысты. Оқушылар музыкалық аспаптар мен вокал өнері шеберлігін көрсетті.
|
23
Мамыр
2024
|
Мамырдың 23 күні "Өркен"өнер мектебінде мәдени маңызы зор фортепиано сыныбының "Ақ-қара сиқырлы пернелер қатары" атты есептік концерті өтті. Педагогы Сапожникова Н.В. Оқушылар орындауда шеберлік танытып, позитивті энергиямен жинақталып, жоғарғы деңгей көрсетті.



