|
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының білім бөлімі» КММ «Өркен» өнер мектебі» КММ
КГУ «Школа искусств «Өркен» КГУ «Отдел образования района Шал акына» КГУ «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области»
|
|
|---|
Жаңалықтар
|
17
Ақпан
2024
|
17 ақпан күні Астана қаласында Әл-Фараби ат.оқушылар сарайында көп жанырлы "Greativ awards" атты сайыс өтіп оған "Өркен" өнер мектебінің екі хореографиялық ұжымы қатысты. Бұл байқаудың қазылар алқасының мүшелері өнер әлемінің мамандары болды. Олар: "Juz" шығармашылық бірлестігінің мүшесі, замануи хореография саласындағы педагог, қоюшы режиссер, өнертану магистрі Исламова Анель Маратовна, Дельфий ойындарының алтын жүлдегері 21 Халықаралық "Шабыт" шығармашылық жастар фестивалінің лауреаты, қазақ хореография академиясының магистранты Исмагулова Гаухар Сайлауқызы және "Grace" шоу балет студиясының жетекшісі Ибрагимова Диляра Маликовна. Мәлімделген 33 хореографиялық ұжымның ішінен біздің қыздарымыз көшбасшы болып бірден екі жүлделі орын алып мектеп қоржысын толтырды. Үлкен топ қыздары І орынға ие болса, орта топтың қыздары ІІ орынға ие болды. Барлық сайыскерлер дипломдармен және кубоктармен марапатталды, ал осы топтардың жетекшісі Кособокова Анастасия Юрьевна 50 мың теңге сыйлық сертификатымен марапатталды. Қойылымнан кейін қалыптастырған дәстүр бойынша қатысушылар бұл жолы "Астана балет" театрына барып, "Melodic show " бірегей шоу-бағдарламаны тамашалап онда әртістер түрлі жанрлық композицияларды орындап, балет әртістері өздерін классикалық биде ғана емес, жаңа жанрларда көрсетті.
Мектеп әкімшілігі мен ұжымы атынан ата-
аналарға сапарды ұйымдастыруға көмек көрсеткендері үшін, сондай-ақ ата-аналар комитетінің төрағасы Данилова Юлия Борисовнаға балалардың жол жүру кезінде қолдап, көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.
|
24
Қараша
2023
|
Қарашаның 20 күні Петропавл қаласының оқушылар сарайында облыстық "Жас жұлдыздар" сайысы өтіп онда, "Өркен"өнер мектебіміздің хореографиялық "Жемчужина" тобы қыздары, Кособокова А.Ю жетекшілігімен өнер көрсетіп, жас ерекшеліктеріне сай 27 ұйымның арасында ІІІ жүлделі орынға ие болып жеңіспен оралды.
|
21
Қараша
2023
|
"Төрт тоқсан – төрт өнер" жобасы аясында өнер мектебінде "Асықпен ойнау" атты іс шара өткізілді. Балалар ойынға белсенділік танытып қатысты. Барлығы көңілді де қызықты болды.
|
20
Қараша
2023
|
Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және білім алушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында "Өркен" өнер мектебінде үйірме сабақтарының апталығы өткізілді. Педагогтар жоғарғы кәсіби деңгейде өткен ашық сабақтар береді, алға қойған мақсаттарға қол жеткізілді.
|
7
Қараша
2023
|
Әлемдегі адамдардың сирек кездесетін кәсіптерімен танысу, ой-өрісін кеңейту, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбек адамдарына құрмет көрсету мақсатында Өркен өнер мектебінде "Сирек кездесетін" сыныптан тыс іс-шара өтті.
Балалар күнделікті өмірде сирек кездесетін мамандықтармен танысып, табыс "Ағашын құрастырып", кроссворд шешіп, мамандықтар қандай топ түрлері бойынша біріктірілетін біліп, "сен және сенің мамандығың" тест сұрақтарына жауап береді.



