|
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының білім бөлімі» КММ «Өркен» өнер мектебі» КММ
КГУ «Школа искусств «Өркен» КГУ «Отдел образования района Шал акына» КГУ «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области»
|
|
|---|
Жаңалықтар
|
29
Қыркүйек
2023
|
Қазақстанда жыл сайын 1қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. "Өркен" өнер мектебінің оқушылары "Жақсылық жаса" шығармашылық сабағында егде жастағы адамдардың еңбегін мойындау белгісі ретінде құрмет пен ізет көрсету дәстүрі ретінде күзгі жарқын ағаштардан жасалған кәдесыйлар жасалды. Балалар өздерінің туған - туысқандарына, дана аталары мен әжелеріне қуанышпен, ізгі тілектерімен сыйға тартты.
|
29
Қыркүйек
2023
|
Балаларды оқуға тарту мақсатында "Өркен" өнер мектебінде"Ғажайып ел - кітапхана" атты кітапхана сабағы өтті. Балалар жазудың бірінші түрі, әріптердің алғашқы пайда болуы, қағаздың папирустан, пергаменттен бастап қазіргі заманғы өндіріске дейінгі тарихы жайлы білді. Оқушылар кітапхана сөрелерін қарап, кітап басылымдарын қарап,кітаптармен қалай жұмыс істеу керек екенін білді.
|
4
Қыркүйек
2023
|
1 қыркүйек күні Еліміздің балық мектептерінде қыркүйектің алғашқы қоңырауы соғылды. "Өркен" өнер мектебі де өз есігін оқушыларға айқара ашып, "Кел балалар, оқылық." атты шеруіне барлық келушілерді қарсы алды. Барлық тілектер мен музыкалық құттықтаулардан соң балалар ду қол шапалақпен, жайлы сыныптарына, 2023-2024 оқу жылының ең алғашқы сабағына кірді.
|
22
Тамыз
2023
|
2023 жылдың 14-18 тамызы күндері аралығында "Өркен" өнер мектебінің жазғы мектеп аясында музыкалық "Домисолька" апталығы өтті. Балалар сабаққа қызығушылық танытып қатысып, өз шығармашылық қабілеттерін ашып, музыкалық жұмбақтар, ребустар шешіп, қимылды ойындар ойнады. Өткізілген уақыты көңілді болып қана қоймай, сонымен бірге тәрбиелік - танымды мәні бар, жазғы мектеп аясындағы атмосфера балаларды біріктіруге қолайлы болды.
|
14
Тамыз
2023
|
Бүгін 2023 жылдың 14 тамызы күні "Өркен" өнер мектебінің ҚБ беру педагогы "Аю-тас" сауықтыру лагерінде "Қозғал! Биле!" би флешмобын өткізді. Флешмобқа көңіл көтеруге, демалуға, би билеуді қалайтын барлық балалар қатысты. Көбірек қимылдап, белсенді қозғалып, дұрыс бағытта болыңыздар!



